ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

20:38, 7 қараша 2019

Аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға арналған халықаралық жоба Ақтөбеде. Израильдік мамандар  осындай балалармен жұмыс жүргізетін ақтөбеліктерді "Жас ұрпақ" орталығында оқытып жатыр. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен болашақта ақтөбелік мамандар Израильде  білімдерін  жетілдіреді. «Жас ұрпақ» орталығында қазір 50 шақты бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақтан облыстарынан бөлек, Өзбекстаннан да балалар бар.  100 шақты бала кезекте тұр. Бүгіннен бастап орталықта Израильден келген «Суламот»  тобының мамандары оқыту семинарларын жүргізуде. Суламот ата-аналарды аутизмі бар баласымен өзара әрекет етуге үйретеді. Оншақты жылдан бері ТМД елдері арасында   осындай семинарларды жүргізіп келеді.  Аутизммен күрес жөніндегі Израильдің озық тәжрибесімен   бөлісіп жүр. Осы бағытта тиімді әрі сапалы жұмыс жасауға баулып келеді. 

МАРИНА СЛЕПЯН

"SULAMOT" ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ  /ИЗРАИЛЬ/

бұл оңай шаруа емес. Көп ізденуді, көп оқуды, білімді талап етеді. Күрделі. Бірақ  Ақтөбеде мынандай  керемет орталық бар. Жергілікті мамандарға аутизмге шалдыққан баламен әрекеттесуге арналған әдіс, құралдар туралы түсіндіріп жатырмыз, ондай әдістер  көп, тек абайлап қолдану керек. Аутизмі бар баланың миы басқаша жұмыс жасайды. Олардың ақпаратты, барша қоршаған ортаны қабылдауы мүлдем өзгеше.

Мәди Қожанов "Жас ұрпақ" орталығында   аутизмге шалдыққан балалармен  жұмыс жасайды. Жалпы осы салаға ден қойып, қазір қыр-сырын  меңгеріп, білім жетілдіруден жалыққан емес. Изралиьден келген мамандардан дәріс алушылардың бірі. Мұндай оқыту семинарлары "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен мүмкін болды. Халықаралық "Машав" бағдарламасымен бірлесіп, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бетбұрыс  жасалды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталықтарын көбейту  өзекті боп тұр. Кадр тапшылығы да бар.  Ақтөбелік он кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік саласы бойынша  Израильде біліктіліктерін арттырып,  істерін бастады. Облыстық бюджеттен бөлінген   60 миллион   теңге гранттың төртеуі әлеуметтік кәсіпкерлікке бағытталды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...