ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

09:44, 6 қараша 2019

Қазан айының соңғы аптасында әлеуметтік қызметкерлер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай, бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, марапаттады. Мерекелік кеште 4 маман Ақтөбе қаласының 150 жылдық медалімен, қалғаны  облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. "Үлкен жүрек иелері" аталған қызметкерлер тек жалғыз басты қарттарға емес мүмкіндігі шектеулі жандармен көп балалы отбасыларға да көмектеседі.Қазіргі таңда әлеуметтік көмек орталығында 700-ден астам қарт  бар. Бұл жандармен Әлеуметтік қорғау жүйесі -  "Әлеуметтік қызмет",  "Қолдау көрсету" орталықтары біріге отырып жұмыс жасайды. Жалақысы аз болса да, бұл қызметте қалтқысыз 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен жандар бар мұнда.  Әлеуметтік қызметкер - бұл жай ғана көмекші емес, өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарай алмайтын маман. Қиын да қажетті мамандық иелері әлі де мұқтаж жандарға қол ұшын соза бермек. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...