ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

19:37, 10 қыркүйек 2019

Ақтөбенің "Болашақ" шағын ауданында 47 баланың ата-аналары екпеден бас тартып отыр. Осы аумақтағы отбасылық медицина орталығында өткен ашық есік күні дәрігерлер олардың мәселелерін тыңдады. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында өткен шарада тұрғындар бірден бірнеше маманға қаралуға мүмкіндік алды. Таңертеңгі 9-дан кешкі 4 жарымға дейін дәрігерлер қабылдау жүргізді. Эндокринолог, хирург, травматолог, невропатолог, стоматологтар мен онкологтар   тұрғындарды қарап,  медициналық көмектерін көрсетті. Хамит Темірбаев қаладағы дәрігерлерге қаралуға Мұғалжар  ауданынан арнайы келді.  Ақсақалдың аяғы ауырады, қант диабетіне шалдыққан.Шара аясында мамандар міндетті әлемуеттік медициналық сақтандыру туралы тұрғындарды ақпараттандырды, сонымен бірге екпеден бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір осы аудан бойынша 47 ата-ана баласына вакцина алуға келіспей отыр. Айта кетейік,  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы «Әлеуметтік мәселелерді шешу» облыстық акциясы қыркүйектің 20-сына дейін жалғасады. Мамандар  тұрғындардың   әлеуметтік сұрақтарын   шешуге ат салысады.

Тақырып бойынша материалдар

ҮЕҰ "БІР ТЕРЕЗЕ" ҚАҒИДАСЫМЕН КЕҢЕС БЕРЕДІ
20:21, 5 желтоқсан 2019
ҮЕҰ "БІР ТЕРЕЗЕ" ҚАҒИДАСЫМЕН КЕҢЕС БЕРЕДІ
Толығырақ...
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАП ЖҮР
20:12, 5 желтоқсан 2019
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАП ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:46, 28 қараша 2019
Президент Касым-Жомарт Токаев подписал противодействия корру...
Толығырақ...
21:37, 28 қараша 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
21:04, 29 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...