ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ

20:02, 9 қазан 2019

Әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздейтін құжат мәжілісте мақұлданды. Атаулы әлеуметтік көмек беру үшін бюджетке тағы түзетулер енгізілді. Бөлінген қаржы бос жатпай, ел экономикасы үшін жұмыс істесе, талай түйткілді шешуге болады. Бірақ шенеуніктер қаржыны игере алмай жүр. Бұрын олар депуттардан сын естісе, енді заң алдында жауап береді. Стратегиялық жоспарды дұрыс құрып, қазына қаржысына манипуляция жасауды тоқтату керек. Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласы мен бірнеше ауылға таза ауыз су тарту үшін былтыр қазынадан 2 милиард 600 миллионнан аса теңге бөлінген. Алайда су тек бір ауылға ғана жеткен. Бұл бір ғана мысал.

СЕРГЕЙ СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

-  "Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка топтық су құбыры құрылысының бірінші кезегінде 2,60 миллиард теңге қарастырылған. Ал қазір бұл сома 81 миллион теңгеге дейін қысқарды. Сонда үкіметтің 2019 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы есебі 99,99 процентке шығу үшін осындай түзетулер енгізілетіні көрініп қалды. Ақшаны игеру жағын әдемілеп көрсеткенмен, нәтиже жоқ.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ /ҚР ЭКОЛОГИЯ,ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ

- Иә, мұндай мәселе бар. Қазір біз басқа мердігер таптық, ол жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады.

Жастар жылының ашылуы рәсімінде Елбасы «Жас маман» бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берген. Қазіргі таңда өңірлерде 100 қажетті мамандық бойынша  маман оқытылуы керек еді. Алайда осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмады. Жалпы түзетулердің нәтижесінде атаулы әлеуметтік  көмек пен медициналық қызметтерді қосымша қаржыландыруға деген қажеттілікті қамтамасыз етуге, экономика өсіміне екпін беретін қосымша өсім көздерін құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік шығыс бюджеттің 45 пайызына жетпек.Жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы жанданады.Депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған бюджет туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Мемлекет қаражаты процесс үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмсалмақ.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...