ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК НАН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

19:42, 14 наурыз 2019

Алдағы уақытта ас атасының бағасы өзгеріп тұруы мүмкін, бірақ әлеуметтік нан қымбаттамайды. Үкіметте брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Соңғы уақытта ел арасындағы «нан бағасы күрт өседі» деген қауесетті де Сапархан Омаров жоққа шығарды. Тек жоғары сұрыпты ұннан пісірілетін өнімдер қымбаттады, ал әлеуметтік нан құны өзгеріссіз қалды,- дейді министр.  Айта кетейік, қазір әлеуметтік нан 75-78 теңгеден сатылып жатса, жоғары сұрыпты ұннан пісірілетіні кей аймақтарда 142 теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Өйткені, өткен жылдың соңы  мен осы жылдың басында бидай бағасы тоннасына 75 мың теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Осылайша, кәсіпорындар жоғары сұрыпты ұннан пісірілетін өнімдерді қымбаттатып, шығынға батып кетпеудің амалын тапты, - дейді Сапархан Омаров. 

САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ
- Қазақстан, Орта Азия, Ирандағы және әлемдегі нарықта астықтың бағасының жоғарылауына байланысты болды. Бұған енді біз, бір жағынан, қуаныуымыз керек. Өйткені біздің астық өндірушілеріміз өздерінің астығын жоғары бағамен сатып, қарыздарынан құтылып, көктемді жұмысты өткізуге бүгінгі күні қаражаттарын алып отыр. 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...