ШҰҒЫЛ! COVID-19: 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - БАСТЫ НАЗАРДА

20:19, 4 қараша 2019

ҚР-сы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов облыстық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тұрғындарды қабылдап, бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Ақтөбеліктердің өзекті сұрақтарына жауап берді. Және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауындағы басым бағыттарын түсіндірді.  Ұшақтан түскен бойда Біржан Нұрымбетов бірден Нұр Отанға келді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай,  атаулы әлеуметік көмекті берудің жаңа тетіктері  туралы түсіндірді. Министрдің қабылдауына келгендер заңсыз тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті қайтаруға байланысты сұрақтарын қойды. Министр қарыздарды қайтарудың тиімді жолдарын ұсынды. Біржан Нұрымбетов  сонымен бірге жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдеріне  мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады. Одан әрі министр 18 жасқа дейінгі нейропсихиатриялық аурулары бар балаларға арналған «Жайна» оңалту орталығына барды.   Мүгедектерді оңалту мәселелерін талқылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу процессінде  мұндай орындардың рөлі маңызды деді ол. Орталықтың балалары министрді қуана қарсы алды.  2017 жылы мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде ашылған орталықта  қазір 100 бала емделіп, тәрбиеленіп жатыр. 100 баланың 60-ынан ата-анасы бас тартқан. 10 шақты мүгедек бала кезекте тұр. Қазір министрлік "әлеуметтік  қызметтер порталы" атты жаңа әдісті еңгізуді қарастырып жатыр. Оның аясында мүгедектрдің оңалту шараларын алуы біраз жеңілдемек."Әлеуметтік  қызметтер порталы" пилоттық жобасына  Ақтөбе өңірінен «Жайна» оңалту орталығы да  қатыстып отыр.  Жаңа жылдан бастап оңалту құралдарының 20 түрі портал арқылы ұсынылады. "Жайна" орталығының басшысы  Нұриля Жарболова  мүгедек баласы бар 30 ата-анаға осында жұмыс беріп отыр.Орталыққа тек жергілікті ғана емес,   Атырау, Қызылорда облыстарынан да балалар ем алып жатыр. 100 тәрбиеші  үш ауысыммен жұмыс жасайды. Кейбір тәрбиешілер шыдамай шығып кетеді. Себебі бұл жерде салғырттыққа жол жоқ,  талап қатаң және жұмыс ауыр. Мүгедек баланы жуындырып, киімін ауыстырып, алты мезгіл тамақ беріп, күтім жасау оңай емес. 

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
20:00, 4 желтоқсан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар