ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ Толығырақ

Әлеуметтік саладағы өзгерістер түсіндірілді

16:39, 12 қаңтар 2018

Биыл 58 жасқа толатын әйелдерге зейнетақыны тағайындау мерзімі өзгерді. Сонымен қатар, базалық зейнетақының жаңа механизмі енгізілді. Әлеуметтік жәрдемақы жүйесінде де өзгеріс бар.  Қобда ауданында іс-сапармен болған ақпараттық топ заңдағы өзгерістер, толықтырулар жөнінде ауылдықтарға түсіндірді. 

Әлеуметтік қорғау саласы туралы заңнамаға енгізіліген өзгертулерге сай, бұған дейін төленіп келген 3  төлемақы біріздендіріліп, жаңа форматқа көшті. 2018-ші жылғы 1-ші қаңтардан бастап осы заң күшіне енді. Сонымен қатар әйел адамдардың зейнеткерлікке шығатын жасы  бұдан әрі алты ай сайын 10 жыл көлемінде ұлғайып отырады. 1960 жылы туған, биыл 58 жасқа толатын әйелдер  2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетке шығады. Әйелдердің еңбек өтілі, жинақтаушы қорға жинаған қаржысы есептеліп, базалық  зейнетақы тағайындалмақ. 

Жәрдемақы, еңбек өтілі, зейнеткерлік жарна, медициналық сақтандыруға қатысты өзекті сауалдар көп қойылды ауылдықтар тарапынан. Оларға еңбек шарты, зейнеткерлік жарнаны төлеудің маңызды екені жіті  түсіндірілді.

Әйелдер зейнетке 45, 50, 53 жаста да шыға алады.  Әр жастың өз талабы бар. 5 баласы болып, немесе  жинақтаушы қордағы сомасы 12 миллионды құрауы қажет, не болмаса  экологиялық аймақта тұруы  шарт. Ал зейнеткерлерге тағайындалатын ай сайынғы базалық зейнетақы орта есеппен еңбек өтілі  ескеріле отырып, 1 шілдеден бастап 1,8 есеге ұлғаймақ.

Жалпы, 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейді. Осы жолғы Жолдауда да бұл мәселе тыс қалмады. Әлеуметтің әлеуеті жолдаудың жетінші басымдығында кеңінен айтылды. "Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды", - деді Елбасы Жолдауында.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
19:18, 25 мамыр 2018
158 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
17:30, 23 мамыр 2018
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...