ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

19:44, 14 наурыз 2019

Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер туралы заң таныстырылды. Оған сәйкес, қазынаның қаржысын әлеуметтік салаға бөлуге басымдық беріліп отыр.  Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, келер жылы ел бюджетіне 10 трлн 569 млрд теңге түседі деп болжануда. Ал шығыс көлемі 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 11 трлн 895 млрд теңгені құраған.  Негізінен бұл қаражат үш бағыт бойынша жұмсалады. Әуелі «Нұр Отан» партиясының съезінде Президент берген тапсырмаларды орындау үшін 444 млрд теңге бөлінеді.  Сондай-ақ, жастар жылына арналған іс-шараларға 24 млрд 600 млн теңге жұмсау көзделуде. Бұның бәрі қарапайым халықтың жағдайын жақсартып, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналып отыр. Баспана мәселесін шешуге бағытталған қаржы да тұрғындар ыңғайына қарай бөлінбек. 

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ  
- Жеңілдетілген несие беру үшін 50 млрд теңге қарастырылып отыр. 2 пайызбен 20 жылға арналған. Осы несиеге тек жаңа үйлер алуға бола ма, әлде ауылдарда, аудандарда бұрынғы салынған үйлерді де алуға бола ма?

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ 
- Биылғы жылға 50 млрдты 25 млрдын құрылысқа жұмсаймыз. 25 млрдын әкімдерге құқық береміз сатып алуға.

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...