ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

17:27, 10 тамыз 2018

Ақтөбелік 165 жас өз идеяларын жүзеге асыру үшін грант ұтып алды. Олардың барлығы "ZHAS PROJECT" жастар корпусын дамыту республикалық жобасының жеңімпаздары. Бұл конкурсқа қатысуға көпшілік қызығушылық білдірген. Ақтөбеде жобаны 2019 жылы жүзеге асыру үшін тәлімгерлерді оқыту басталды.

Нұрбақыт пен Айдана бірлескен әлеуметтік жоба жасады. Олар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін ағылшын тілін үйретпек. Шет тілін жетік меңгерген қыздар балаларға үйрету үшін арнайы оқу орталығын ашпақ. 

"ZHAS POJECT" жобасы жұмыссыз жүрген жастарды қолдауға бағытталған. Бұл үшін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар кез-келген бағытта әлеуметтік жоба ұсынуы қажет. Қыз-жігіттерге өз идеясын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге қайтарымсыз грант беріледі. Сондай-ақ, жоба қатысушыларына бизнестің қыр-сыры үйретілетін болады.

Болашақ тәлімгерлерді оқыту үш күн болады. Кейін, сертификат алғаннан соң, әрқайсысы "ZHAS PROJECT" жобасының қатысушыларымен бірге жұмыс істей бастайды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...