ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ӘЛИЯ - БАТЫР ҚЫЗЫ СЕН ХАЛҚЫМНЫҢ

18:52, 15 қаңтар 2020

Қобда ауданында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай мәдени-патриоттық еске алу шарасы өтті. Жеңістің 75, батыр қыздың 95 жылдығы аясында бірқатар игі істер ұйымдастырылды. Майдандас құрбылары мен командирлері «Лия» атап кеткен даңқты қыздың туған жеріне біздің түсірілім тобы да арнайы барып қайтты. Аядай ғана Бұлақ ауылда қазақтың батыр қызы дүниеге келген. Жерлестеріне деген бұлақтай таза көңілдері аңғарылып тұрған алыс-жақыннан жиналған ағайын, ең алдымен осы жердегі батыр бюстінде бас қосты. Әлияның есімін ұмытпауға негізделген істің бірі - мерген қыздың ерлігін ұрпақ санасына сіңіру. Бұл бағытта да бірталай шаруа атқарылыпты. Әлия патриоттық әндер байқауын өткізу дәстүрге айналған. Жүзден жүйрік шыққан оқушылар екінші дүниежүзілік соғыс өткен өлкеге арнайы барып қайтатын болды.  
СВЕТЛАНА ӘШЕНОВА
ӘДІСКЕР
Біздің мақсатымыз - Әлияның ерлігін оқушылар арасында паш ету. Оның өмір деректерін жеік меңгергенін қалаймыз. Сондықтан биылғы оқу жылында біздер Әлия жерленген Псков облысына оқушыларымызды апаруды жоспарлап отырмыз.
Батыс өңірі батыр қыздарымен мақтанады. Өйткені қазақтың Әлиясы мен Мәншүгі, Хиуазы ерліктің эталонына айналғалы қашан. Он тоғыз-ақ жасында өз ерлігі арқылы бүкіл ұлттың мәртебесін асырған мерген қыздың есімін қалай ұлықтасақ та жарасады.     
ҒАЛЫМЖАН БАЙДЕРБЕС
«ҚОС ШЫНАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мынандай бір сөз жолдары бар. Қазақтың ұлы түгіл батыры қыз. Қан майданда қанымен қалдырған із. Ей, жас ұрпақ басыңды и батырларға. Борыштармыз оларға сіздер мен біз.
Әлия елді мекенінде батыр рухына бағышталып құран оқылды, волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған патриоттық бағыттағы сынып сағаттары өтті. Бір атаның балаларындай жұмылған жерлестері бар кезде Әлияның да есімі ешқашан ұмытылмайтынына көзіміз жетті. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген осы.

Мирас Мұқаш     

Тақырып бойынша материалдар

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨМЕКТІ АЛУ ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ҚАЖЕТ
16:08, 25 қыркүйек 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨМЕКТІ АЛУ ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...