ШҰҒЫЛ! ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ Толығырақ

ЕҢ ҮЗДІК АТА-АНА ҰЖЫМЫ АНЫҚТАЛАДЫ

19:39, 10 ақпан 2020

Ең үздік ата-ана кім? № 39 орта мектепте акция басталды. Төрт кезеңнен тұратын жоба мамырға дейін жалғасады. Жарысқа барлық сынып оқушыларының ата-аналары қатысып жатыр. Олар алдымен топ болып спорттық сайыс өткізді. Енді ағаш егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Өнерлілері театрландырылған көрініс дайындап,  вокалдық қабілетін сынамақ. Баласы үшін барын беретін ана-аналар бұл ұсынысты қолдап, демалыс күндерін мектепте өткізіп жүр. № 39 білім ордасында спартакиада өтті. Іріктелген 30 команда спорттың волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрінен сынға түсті.  Салауатты өмір салтын насихаттайтын жарысқа ата - аналар өз ынтасымен қатысқан. Осылайша ұйымдастырушылар білім беру мекемесі мен ата-аналар ұжымы арасында байланысты нығайтуды көздеп отыр. Спартакиада қорытьындысы бойынша жеңімпаздар келесі кезеңге өтеді. Енді олар театрландырылған қойылым дайындауы тиіс. № 39 орта мектепте жыл сайын әр түрлі тақырыпта байқаулар ұйымдастырылады. Мысалы өткен жылы "Ең үздік 10 кітап" және "Ең үздік 10 ән" атты акциялар өтті. 
 
Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар