ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019

17:40, 22 наурыз 2019

"Ең үздік ет-2019". Наурыз мейрамында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осындай байқау өтті.  Ақтөбелік қыз-келіншектер ұлттық тағамды әзірлеуде бар өнерлерін ортаға салды. Ал дәмді етті кім асты? 


Әсем Оңғарова - Ақтөбе заң институтының екінші курс студенті. 18 жастағы бойжеткен бесбармақты дайындауды анасынан үйреніпті.  "Әскери салада жүрсем де болашақта бір үйдің келінімін, сондықтан ұлттық тағамға ерекше көңіл бөлемін" дейді Әсем.  

Байқауға 30 қыз-келіншектен 10 үміткер таңдалған. Араларында мұғалімдер, қаладағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарында білім алып жатқандары бар. Шараға қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Алдымен, дайын қамырды жылдам жайды. Содан соң, қазылар алқасына тамақты безендіріп, ұсынды. 

Ет - қазақтың ұлттық тағамы, көпшіліктің сүйікті асы. Ертеден ата-бабаларымыз ет табағының әзірлену заңдылығына аса зейінділікпен мән берген. Шараның негізгі мақсаты да осы және жастардың бойында ұлттық тағамға деген құрметті арттыру дейді ұйымдастырушылар. 

Байқау жеңімпаздары демеушілер тарапынан ұсынылған ақшалай және бағалы сыйлықтарды иеленді. Алғаш рет өткен шараны ұйымдастырушылар жыл сайын өткізбек ниетте. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар