ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

"ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫ - ЕҢБЕККЕ БАСТАЙДЫ

16:20, 18 қараша 2020

 Індет адам өміріне ғана емес, кәсіпкерлік саласына да өз өрнегін салды. Бұған дейін тойдан босамаған мейрамханалар жабық тұр. Ал шағын дәмханаларда тапсырыс көбейді. Сондай-ақ кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауын анық сезінді. Бірсыпырасы салықтан босатылды. Енді бірі арнайы бағдарламалар арқылы грант жеңіп алды.  Осы жылдың өзінде біздің облысқа 5 миллиард теңге бөлінген. Қайтарымсыз несие алып, тігін ісі, шаштараз, асхана секілді халыққа қажетті кәсіп бастағандар қатары көбейді.
Бүгінгі күні пандемияның кесірінен бұрынғы кәсібін тастап, жаңа бағытқа бет бұрғандар көп. Уақыт талабы халық жиі тұтынатын қызмет түріне алып келді. Карантин кезінде бұл салаға шындап ден қойғандар саны артты. Осы ретте "Еңбек" бағдарламасы бойынша грант алғандар өз кәсібін бастап та үлгерген. Бұл үшін мемлекеттен қомақты қаржы бөлінді.

Ғалымдардың пайымдауынша, дағдарыстың екінші аты - мүмкіндік! Өңірдегі кәсіпкерлік саласы да жаңа бағытқа бет бұрды. Қолда бар бизнесінің қызмет көрсету аясын кеңейтті. Мұнан басқа дәмхана, шаштараз секілді сұранысқа ие қызмет түрі көбейіп келеді. 

Мереке Жүсіпова кәсібін жаңа бастағандардың бірі. Тігін ісімен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Өткен жылы мемлекеттің қолдауына ие болып, қайтарымсыз жарты миллион теңге қаржы алды. Сөйтіп, жеке тігін цехын ашқан.

Мереке Жүсіпованың шаруасын отбасылық кәсіп десе де болады. Жолдасы ағаш шебері. Қажетті ұлттық нақыштағы оюды арнайы құралмен дайындап береді. Мереке Жүсіпова бастаған тігіншілер болса оны көрпе-жастықтың тысына өрнектейді. Кәсіп иесі болса әзірге шағын бөлмені жалға алып отыр. Жеке ғимаратым болса деген тілегі бар. Ендігі мақсаты - өзге де бұйымдарды шығарып, өнім түрін арттыру. 

ДАРХАН МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...