ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ӘНІ ӘСЕРЛІ АСЫЛ ӘЖЕЛЕР

19:54, 1 қазан 2020

 Зейнетке шықса да, көпшілік алдында өнер көрсетіп, ансамбльде ән шырқаған әжелердің ісі көпке үлгі. Олар гастрольдік сапармен шет елдерді аралап, қазақ әндерін шырқап жүр. 12 жыл бұрын құрылған "Асыл әжелер" ансамблінің жетістігі көп. Бейнетінің зейнетін көріп жүрген қариялар туралы келесі бейнематериалда...  
Қалың көрермен жинап кеш өткізбесе де, "Геолог" мәдениет үйінің қызметкерлері өз ардагерлерін құттықтауды ұмытпады. Мереке күні мәдениет саласының майталмандары мен зейнетке шыққан әріптестерін қошеметке бөледі. "Асыл әжелер" ансамблінің еңбегін ерекше атап өтті. 
2008 жылы құрылған ансамбль құрамында 16 адам бар. Олардың әрқайсысы өңір дамуына өз үлесін қосқан, әр саланың үздігі. Әнші әжелердің арасында бұрыңғы дәрігер, мұғалім тіпті әскери қызметте болғандар да бар.  
Марапат алып марқайған әжелер ән шырқады. Мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...