ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

19:50, 19 наурыз 2020

Бүгінгі күні облыста эпидемиологиялық ахуал қалыпты. Қауіпті вируспен ауырғандар жоқ.  Шет мемлекеттен келген  жерлестеріміз дәрігерлердің жіті бақылауында. Бұл туралы тікелей эфирде тұрғындардың сауалына жауап берген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. 
Денсаулық сақтау басқармасы мен санитар мамандар күн сайын онлайн тәртіпте есеп беруге көшті. Облыс орталығындағы инфекциялық госпитальге 9 ақтөбелік жатқызылған. Бесеуінің сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Қалған 4 азаматқа тексеру жұмыстары жүргізілуде. 24 адам үй жағдайындағы бақылауда. 
Сондай-ақ, облыстың шекарасы қатаң бақылауға алынған. Айта кетсек, Мәртөк, Қарғалы, Әйтеке би аудандарындағы Жайсаң, Әлімбет, Қарашатау шекара бекеттерінде санитарлық бақылау күшейтілді. Тікелей эфирде тұрғындар тарапынан  сауал көп қойылды. Дәрі-дәрмек пен бетперде бағасына алаңдағандар басым. Бас дәрігер жақын арада Ресейден 4 жарым млн. бетперде жеткізілетінін мәлімдеді. Қауіпті індеттен сақтану үшін  жүйелі жұмыстар жалғаса береді. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар