ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

19:35, 1 қараша 2019

iFrame

Апта бойы  Ақтөбеде ҚР-сы Парламенті мәжілісінің тұңғыш төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Оспановтың 70 жылдық мерейтойына арналған кездесулер ұйымдастырылды. Танымдық шараның қорытындысы  «Егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Марат Осапновтың рөлі» атты халықарлық конференцияға ұласты. Оған  ҚР-сы Парламенті Мәжілісінің  әлеуметтік -мәдени даму комитеті төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Марат Оспановты ұлықтау шаралары аясында  медициналық университеттегі ғалым бюстіне гүл шоқтары қойылды.Конференцияда Марат Оспановтың әріптестері, үзеңгілес достары Оспановтың көреген саясаткер, ғалым-экономист, қоғам қайраткері ретінде  ел  дамуындағы атқарған істері, рөлі туралы баяндады. Жарқын тұлғаның 70 жылдық мерейтойына орай Парламент Мәжілісі  басшылығы атынан ілтипатты Гүлшара Әбдіхалықова жеткізді.Ел экономикасының дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заңдарды қабылдауда Марат Тұрдыбекұлының еңбегі ұшан-теңіз. Қай салада жүрмесін  туған жерге деген махаббаты ерекше болды. Халық ықыласына бөленген шынайы патриоттың өмір жолы  жарқын үлгі. Баға жетпес ғибрат.Саналы ғұмырын Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне арнаған алып тұлғаның артында медицина, ауылшаруашылығы  салаларын қамтыған көптеген ғылыми еңбектері, монографиялары қалды. Бүгінгі конференцияға Марат Оспановтың жақындары, зайыбы Бақыт Оспанова да қатысып,  ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...