ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:34, 20 қаңтар 2020

Бүгін 56-ші мектеп оқушыларына волонтер қызметінің қыр-сыры түсіндірілді. Еріктілер жылында бұл салада жастардың үлесі басым болуы тиіс. Қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері осы тұрғыда түрлі шара өткізуді бастап кетті. Кездесуде "Ел үміті - 2019" байқауының жеңімпазы, Нұр-Сұлтан қаласының ең үздік волонтері атанған ақтөбелік Илана Рахметуллаева оқушыларға өзінің жұмысы туралы айта отырып, ерікті болуға шақырды. Айта кетелік, Илана Рахметуллаева елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-ші курс студенті, Ақтөбедегі №21-ші мектеп түлегі. {СНХ} 
ИЛАНА РАХМЕТУЛЛАЕВА
ЕРІКТІ 
Қазір мен волонтерлық қызметпен тұрақты айналысып жүрмін. Өзім студентпін. Көбіне біз ардагерлерге көмектесеміз. Еңбек және тыл ардагерлерінің үйіне барып, дәрі-дәрмек, тамақ жеткізіп береміз. Бұл әрине тек физикалық тұрғыдағы жұмыс. Олармен әңгімелесеміз, өтініш-тілектерін тыңдаймыз. Бәрі мейірімге мұқтаж, адамдардан жылылық күтеді.  Ерікті болу өте абыройлы еңбек, өйткені үлкендердің батасын аламыз. Саналы жастар осыдан қалыптасады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 1 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...