ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

17:37, 13 маусым 2019

Волонтёр болу - өнегелі іс. Ақтөбеде "Позитив лайк" жобасы басталды. Шара аясында еріктілер үшін екі күндік семинар өткізілмек. Оған 60-қа жуық волонтёр қатысады.Еріктілердің қоғамдағы орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, не үшін мұндай жақсылықтарға барады? Семинарда талқыланған тақырыптар осы.Жақсылық жасауға құмар жігіттердің бірі Ералхан Дияров. 21 жастағы бозбала зауытта жұмыс істейді. Қалған уақытын қайырымдылыққа арнайды. 4 жылдың ішінде ол із-түзсіз жоғалғандарды іздеп, жалғызбасты қарияларға жәрдем берген. Жағдайы төмен отбасыларға қаржы жинауға атсалысқан.Волонтер-алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тиіс. Мұның барлығы семинар-тренинг барысында үйретілмек. Облыста 1500 ерікті бар. 20 ға жуық ұйым тіркеулі.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
19:27, 25 маусым 2019
АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
20:50, 20 маусым 2019
АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
Толығырақ...