ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

20:21, 13 қараша 2019

«Жекпе жек» сарайында 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық республикалық турнир басталды. Шара  Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған.  Жарысқа 200-ден астам спортшы келді. Қазақстанның 10 облысы мен  көрші елден келген жас палуандар бар.{СЮЖЕТ}

13 пен 15 жас аралығындағы жігіттер үздік палуан атағына таласады. Ақтөбе облысынан үш команда жасақталды. Ресей Федерациясының 3 облысы мен Қызылорда, Алматы, Тараз және батыс аймағының жас спортшылары 3 күн шеберліктерін сынға салады. Олар өз аймақтарындағы үздіктер. Бұл турнир жетінші жыл ұйымдастырылып отыр. 2016-шы жылы республикалық деңгейін алды.Турнир шарты халықаралық талапқа сай өткізіледі. Палуандар боз кілемге 12 салмақ дәрежесі бойынша шығады. Бұл әр аймақтан мықты спортшыны анықтауға мүмкіндік береді. Әр команда тыңғылықты дайындықпен келген.

Амир Якимов күреспен 8 жылдан бері айналысады. Ресейден келген жас спортшының жеңістері де аз емес. Қазақстанның өзге облыстарындағы жарыстарға барып жүрген Амир қарсыластарының осал емес екенін  тұспалдап тұр. Десе де жеңістен дәмелі.

АМИР  ЯКИМОВ

ҚАТЫСУШЫ  ( РФ )

Қазақстанның жезқазған қаласына бардым. Ақтөбеге бірінші рет келуім. Қарсыластарымның барлығы мықты сияқты. Бірақ әркімнің өз әдісі бар. Мен өз тактикамды пайдаланамын.

Турнир қарашаның 15  дейін жалғасады. Жеңімпаздар спорт шеберіне үміткер атағын алып, кубоктармен және медальдармен марапатталатын болады.

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

 ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...