
Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың "Даңқ" музейінде батырлар құрметіне арнап ерлік сабағы өткізілді. Осыдан тура 79 жыл бұрын дәл осы мектеп ғимаратында 101-ші атқыштар бригадасы жасақталған болатын. Олар Ржев түбіндегі майданда ерліктің өшпес ізін көрсетті. Онлайн түрде өткен шараға майдангерлердің ұрпағы, тарихшылар, музей қызметкерлері қатысты.