ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК ОҚУШЫЛАР

18:17, 3 шілде 2019

Ақтөбелік балғындар Алматыда өткен "Білген ойсана" атты республикалық олимпиададан жүлдемен оралды. Қоржында 16 күміс пен 4 алтын бар. Жалпы командалық есеп бойынша жерлестеріміз 1-орынды иеленді.Есепті шемішкедей шағатын ақтөбелік балғындар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды.  Мансұр, Айым мен Сүлеймен үш сынақтан да сүрінбей, жеңімпаз атанған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 200 ге жуық мектеп оқушысы қатысты.8 минутта 90 есепті мүдірмей шығарған балалар-№50 мектептің 3-сынып оқушылары. Математика үйірмесіне қатысады. Сайыс шартына сай бірнеше секундта 2 мен 3 таңбалы сандарды қосып, кейін екі қос таңбалы санның квадратын тапқан. Кейін сандардың айырмасын шешеді. Жас математиктердің ендігі мақсаты-қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін байқаудан жүлдемен оралу. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан ақтөбелік балғындар кітап оқығанды ұнатады. Олар жаз бойы білімдерін шыңдап, халықаралық жарысқа дайындалмақ.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
20:17, 20 қараша 2019
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
 ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
20:06, 19 қараша 2019
ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...