ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толды

13:48, 13 қараша 2017

Алға ауданында Есет Көкіұлының 350 жылдығы жоғары деңгейде өтті. Иісі қазаққа ортақ батыр бабаның мерейтойына меймандар еліміздің түпкір-түпкірінен келді. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Батырдың құрметіне қойылған монумент ашылды. Дүбірлі той кеш батқанша жалғасты.

Есет батыр қазақ тарихында ерекше орны бар тұлға. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі қолбасшы. Баһадүрдің 350 жылдығына меймандар республиканың әр түпкірінен келді.  Қонақтар алдымен Бестамақ ауылдық округінде осы тойдың құрметіне орай атқарылған игі істермен танысты. Жуырда бой көтерген дәрігерлік амбулаторияны көрді.     

Ауылдың мәдениет үйі де осы күні ашылды. Осы уақытқа дейін жекенің меншігінде болған өнер ордасы мемлекет меншігіне қайтарылып, күрделі жөндеуден өткізілген. Жергілікті өнерпаздар жаңаша леппен жұмыс жасауға кірісіпті. Кітапхана қоры да толыққан. Мәдениет үйінің ғимаратын мемлекет меншігіне қайтарған Серік Үмбетәливке осы тойда  облыс әкімі алғыс хат табыстады.  

Мерейтой меймандары батыр рухына тағзым ету үшін Есет Көкіұлының мемориалдық кешеніне барды. Құран бағыштады. Бұдан соң аламан бәйге боп жатқан алаңға ат басын бұрды. Жарыстың бас жүлдесін шабандозға Орал қаласынан келген сәйгүлік алып берді. Жүлдегердің тартуы - боталы түйе болды. Екінші орын құлынды бие, үшінші орын иегері бұзаулы сиыр алды. 

Басты салтанат 32 ақшаңқан киіз үй тігілген этноауылда болды. Дәл осы жерде Есет Көкіұлына арналған монументтің ашылу салтанаты өтті. Ескерткіштің тұғыры 6 метр болса, мүсіннің биіктігі 5 жарым метрді құрайды. Ескерткіш алаңын абаттандыру жаз айларында басталды. Бұған өңірдегі ең ірі шаруашылық құрылымдарының бірі "Актеп" серіктестігі 32 млн теңге қаржы бөлген. Ескерткіш Ақтөбе -Астрахань тас жолының бойында орнатылды. Батыр ұрпақтары ризашылығын жеткізді.

Этноауыл сахнасында мерейтой аясында ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Есет батырдың 350 жылдығына арналған ұлы той облыстағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен "Дала сазы" атты гала -концертпен қорытындыланды.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре алады
19:11, 21 қараша 2017
Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре а...
Толығырақ...
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
18:39, 21 қараша 2017
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...