ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Әскери - патриоттық лагерь ашылды

17:56, 11 қыркүйек 2017

Бүгін Ақтөбеде "Жігер - 2017" республикалық әскери-патриоттық лагері ашылды.

Оған еліміздің түкпір-түкпінен 80-нен астам жастар клубтарының басшылары қатысты. Бес күнге созылатын шара барысында олар өзара тәжірибе алмасып, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеуге байланысты жаңа әдістемені меңгеретін болады.

"Жігер - 2017" республикалық әскери паториоттық лагерін қорғаныс министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жастар конгрессі ұйымдастырды. Дәстүрлі шараның бұл жолы Ақтөбеде өтуі бекер емес. Батыр апамыз Әлия Молдағұлованың туған өлкесі, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда да үлгі боларлық.

Бұл жолғы шара, бес күнге созылады. Осы аралықта әскери-патриоттық клубтардың жетекшілері кеңеседі. Соның ішінде, шеберлік сағаттары, тренингтер, әскери оқу жаттағулары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, клубтардың ісін одан әрі жандандыруға мүмкіндік беретін әдістемелік көмек берілетін болады.  

Айта кету керек, бүгінгі күні Ақтөбе облысында 100-ден астам әскери-патриоттық клуб бар. Мектеп оқушыларын елін, жерін сүюге тәрбиелеу ісінде бәрінің де алатын орны маңызды.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Самат Қалекенов

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа көп
11:36, 20 қыркүйек 2017
Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа...
Толығырақ...
 "Қолғанат Ақтөбе" қоры  жұмсалған қаржы есебін берді
18:44, 19 қыркүйек 2017
"Қолғанат Ақтөбе" қоры жұмсалған қаржы есебін берді
Толығырақ...
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
17:29, 19 қыркүйек 2017
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
18:44, 13 қыркүйек 2017
Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
Толығырақ...
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...