ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ ЖЕКПЕ-ЖЕК АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА АҚТӨБЕ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

15:15, 20 қаңтар 2020

​Атырау қаласында әскери қызметшілер арасында «Қазақ жауынгері» чемпионаты өтті. Оған Ақтөбе, Ақтау, Атырау гарнизондары, Ұлтық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатысты. Чемпионатта 10 командадан 100-ге жуық спортшы жауынгер бақ сынады. Жалпы есептегі бірінші орынды Ақтөбе қаласының 30/238 әскери бөлімі, ал екінші және үшінші орындарды Атырау қаласының 41/433 және 20/16 әскери бөлімдері еншіледі. Жеңімпаздар бағылы сыйлықтармен қоса грамота және медальдермен марапатталды. Енді өңірлік қолбасшылықтың құрама командасы жасақталып, олар ақпан айында Алматы қаласында өтетін Қарулы күшердің біріншілігіне дайындалмақ. Айта кетейік, әскери жекпе-жек ұрысының өз ерекшелігі бар. Спорттың бұл түрінде әскерилер үстіне жаздық далалық костюм мен қорғаныс сауытын киіп күреседі. Оның техникалық арсеналы қол, аяқ, және тізе соққысы. Спортшылар самбо, ұлттық күрес, бокс әлістерін де қолданады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:28, 24 ақпан 2020
МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...