ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕУРАЗИЯНЫ АТПЕН АРАЛАҒАН САЯХАТШЫ АҚТӨБЕДЕ

19:31, 11 қыркүйек 2019

Мажарстаннан Қазақстанға атпен саяхаттап келген саяхатшы Бенце Иштван Ақтөбеде. 2009 жылдан бері елімізге үш рет салт атпен жетіп, әлемнің назарын өзіне аудартқан мажарстандық мейман өзін Жібек жолын жаңғыртушы деп біледі. Ол бұл жолы ұлттық спорт түрлерінен облыста өтетін республикалық фестивальге арнайы келген. Аттила демекші, Бенце Иштванның сөзінше, кейбір венгрлер Орталық Азиядан ата-бабалары ғұн көсемінің бастауымен еуропаға қоныс аударған деп біледі. Кездесу барысында мажарстандық мейман жиналғандарға  жүріп өткен жолын таныстырды. Ол бұған дейін  Қазақстанға салт атпен үш рет келген.  Мажарстанда басталған "Жібек жолымен ат үстінде" экпедициясы Әзірбайжан арқылы Каспийді кесіп өтіп, еліміздің батыс, солтүстік, оңтүстік, орталық өңірлерін түгелдей атпен аралап, елордаға жеткен. Ол бұл сапарының екі-үш айға созылғанын айтады. Бенце Иштван осы экспедиция арқылы екі ел арасындағы мәдени, рухани байланысты нығайтуға шама-шарқымша үлесімді қосқым келеді,-дейді.

БЕНЦЕ ИШТВАН /"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БІРЛІК" ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Алтын Орданың қарашаңырағы Қазақ еліне келіп жүргеніме 20 жыл, ал атпен саяхаттғаныма 10 жылдай болды. Бүгін Ақтөбеге аялдап отырмын. Бұл елге саяхатым алғаш рет 1999 жылы Венгриядағы "Мажарстан қыпшақтары ұйымының" ұйытқы болуымен басталған еді. Қайда барсам да, құшақ жайған халықты көрем. Ал бұл жолғы сапарымыз "Көшпенділердің әскери өнері" деген тақырыпта өрбиді.

Айта кеткен жөн, "Еуразиялық бірлік қорының" президенті Бенце Иштван қыркүйектің 18-25 аралығында ұлттық спорт түрлерінен ақтөбеде өтетін республикалық фестивальге арнайы келген. 

МЕЙРАМБЕК МАХАМБЕТОВ

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өзіміздің ұлттық спорт түрлерінің олимпиадасына Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент сондай-ақ еліміздің басқада облыстарынан үздік қатысуышлар келеді. Олар ұлтық спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Өзіміздің спортшыларымыз қазір тыңғылықты дайындық үстінде. Әрине, бұл шара өскелең ұрпаққа үлкен насихат болмақ.

Бұл фестиваль және "Жібек жолымен ат үстінде" экпедициясын бір уақытқа жоспарлаудың мақсаты - ортақ тарихымызды ұлықтау,-дейді ұйымдастырушылар.

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...