ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

Фонограммамен ән айтуға тыйым салынады

16:44, 26 қаңтар 2018

Енді ақтөбелік әншілер жанды дауыста ғана ән шырқайтын болады. Кез-келген жерде фонограмма қосып, тыңдарманын алдап жүргендер облыс билігінің сынына ілікті. "Фонограмма - сахнада әдемі естілгенімен, кейінгі жас буынның өнерге деген құштарлығына кері әсерін тигізеді", - деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Өңірде көркемдік деңгейі төмен ескерткіштер де жетіп артылады. Қадам басқан сайын, ата-бабаларына арнап кесене орнатып, құрмет тақтасын ашатындар көбейіп отыр. Алайда, олардың бәрі бірдей заңды емес.

Бұдан бөлек, мәдени шараларды сапалы өткізу мен кәсіби мамандар даярлау ісі айтылды. Әсіресе жас жеткіншектерді өнерге тарту қажет деді. Аудан, ауылдарда оркестр, ансамбль құру мәселесі көтерілді. Жиында мәдениет басшысының есебі тыңдалды. Атқарылған іс көп. Дегенмен кемшін тұстар азаймай отыр. Әкімдік тарапынан берілген ескертулер мен ұсыныстарға орай жоспар да құрылып қойыпты.

Көрермендердің мәдениетін көтеру бағытында жұмыстарды жандандырып, кітапхана, музей ісін жаңғырту қолға алынады. Жаңғыруға қатысты облыстық драма театр басшылығының да өз жоспары бар. 

Облыс әкімінің орынбасары мәдениет өкілдерінің атқаруы тиіс жұмыстарды тізбектеп берді. Қысқасы, биылғы жылға нақты міндеттер қойылды.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар