ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ФУТБОЛДАН СТУДЕНТТІК ЛИГА БАСТАЛДЫ

13:00, 18 ақпан 2020

 

 Қыздар футбол ойнады. Қаламызда футзалдан студенттер  лигасы басталды. Оған орта арнаулы оқу орындарынан 11 команда қатысып жатыр. Жеңімпаздар республикалық біріншілікке жолдама алады.  Бала кезден спортқа қызыққан Әсел Көбесова өз болашағын  футболмен байланыстырады. Ауылдың қарадомалақ қызы тай құлындай тебісіп, бірге өскен ағаларына еліктепті. Оның футбол ойнап жүргеніне 6 жылдан асты. Жетер жетістігі мен алар асуы бар бойжеткен жаттықтырушысының арқасында "17 жасқа дейінгі ұлттық құрамада" бағын сынап, тәжірибе алмасып үлгерген. Елімізде соңғы жылдары қыздар арасында аяқдоп ойыны дамып келеді. Өңірде жартылай кәсіби футбол командасы жасақталып, кейбір ойыншы ұлттық құрама сапына ілікті.  Ақтөбе мұнай-газ колледжінде өткен кезекті жарыс өңірдегі спортшылардың шеберлігін тағы бір шыңдады. Футзалдан өтіп жатқан жарыс ертең аяқталады.  Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен, кубокпен марапатталып, республикалық чемпионатқа жолдама алады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар