ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН

14:34, 21 мамыр 2018

«Ғаламторсыз бір күн».Телефонға телміріп, күн ұзағы әлеуметтік желілерге үңілетін ата-аналар мен балалар үшін №24 лингвистикалық гимназия мектебінің ұстаздары мәдени демалыс ұйымдастырды. Олар табиғат аясына шығып, қызықты ойындар ойнап, бой жазды.

Қаланың қызу тірлігінен қолы босамайтын ата-аналар қала сыртындағы демалыс орталығында ерекше серуен ұйымдастырды. Өздерінің бала күнінде ойнаған дала, көше ойындарын балаларына үйретті. Ұмытып қалған тұстарын еске түсіріп, балалық шаққа саяхат жасады.

Әкелер ұлдарына ләңгі тебуді үйретсе, аналар шалмада секіруді қыздарына көрсетті. Бес тасты қағып-теруді меңгертті. Екіге бөлініп арқан тартысты. Бірігіп алты қаңылтыр, ортан күрек, шекара және шекарашылар сияқты көше ойындарын ойнады. Балақайлар асыр салды. Мұны көрген әке-шеше мәз болды. Бой сергітті, денені қимыл-қозғалысқа түсірді.

Дене қозғалысын жасап, ойдың ұшқырлығын дамытып, денсаулыққа пайда келтіретін ойындарды ұйымдастырудағы мақсат-балаларды қуанту.  Ойын арқылы балаларды бір-біріне жақындастырып, арадағы достықты нығайту.  Демалыс уақытында сондай-ақ,    ата-аналар мен балалар өз дәуірлеріндегі танымал хит әндерді шырқады. Ретро-заманауи әндердің жарысы өткізді. Мұндай игі шараны мектеп ұжымы жылына бірнеше мәрте дәстүрлі түрде өткізіп тұруды қолға алмақ. 

Қонысбек Терекұлы

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...