ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:13, 10 қыркүйек 2019

Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 80 жаста. Бүгін облыс басшысы Оңдасын Оразалин ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының шаңырағында болып, 80 жасқа толған мерей тойымен құттықтады. Аймақ басшысы ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы талай жылдар ұстаздық салада еңбек етті, Парламент Мәжілісінің депутаты болған, 100 ден астам ғылыми мақалалардың, 5 монографияның авторы. Этносаясат, этноәлеумет және дінтану саласында қалам тербеген. Президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Амангелді Айталы қуанышына ортақтасқан өңір басшысына алғыс білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...