ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ГАЗ ТАПШЫ БОЛМАЙДЫ

17:26, 30 қаңтар 2019

Өңірде сұйық отын тапшы емес. Себебі сұйылтылған мұнай газының бағасы мен тұрақты қамтамасыз етілуін жергілікті билік күн сайын бақылауда ұстап отыр. Облыс әкімдігінде көгілдір отынды тарату мәселесіне қатысты арнайы кеңес облыс әкімінің орынбарасы Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өтті.

Облыс бойынша тәулігіне 350 тонна сұйылтылған газ пайдаланылады. Қазір шамамен 44 мың автокөлік газбен жүреді. Облыста 145 автогаз құю бекеті бар десек, оның 70-сі Ақтөбеде. Ал осы саладағы жағдайды бақылауда ұстау үшін облыс әкімінің тапсырмасымен арнацйы комиссия құрылған.

ҚАЙРАТ  БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Облыс әкімінің тапсымасына сәйкес, комиссия ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Біз бүгін мемлекеттік оьргандардың, қоғамдық ұйымдардың комиссия мүшелігіне кірген өкілдерінің бәрін шақырдық. Газ өндіретін зауыттардан, газ құю бекеттерінен бастап, автокөлікке газ құюшы жұмысшыға дейін осы мәселеге қатысы бар.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазір Ақтөбе облысында сұйық отын қоры мол, шектеусіз сатылып жатыр. Энергетика министрлігі облыстың ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін 11 мың тонна сұйылтылған газ беріп отыр. Бұл автобекеттерді газбен үздіксіз қамту үшін жеткілікті және көгілдір отын тапшылығы да болмауы тиіс.

ҚАЙРАТ  БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Ақпан айына 11 мың тонна газ бөлініп отыр. Біз автокөлік иелерінің мүддесін министрлікте қорғап қалдық. Бұл отын біздің облыстың газбен жүретін көліктері үшін бір айға жетеді. Бағасы да қолжетімді болады. Яғни, бүгінгі таңда газдың бағасы көтерілмейді. Ешқандай тапшылық жоқ. Ақпан айында тұрақты қалыппен жұмыс жүреді.

АЛТЫНАЙ  МҰХАНОВА, СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗ ЖЕТКІЗУШІЛЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

-Бәріміз газдың көлемін, жеткізушілерге де, автокөлік иелеріне де берілетін мүмкіндікті жақсы түсініп отырмыз. 11 мың тонна газ біздің облыс үшін жеткілікті. Газ құрылғысын қондырып жатқан автокөліктердің көптігін ескерсек те, бұл автогаз құю бекеттерінде ешқандай кезектің болмайтынын білдіреді.

ИГОРЬ  СНЕГИРЁВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТЫН АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ

-Беріліп отырған газ көлемі өзге облыстармен салыстырғанда жеткілікті. Бұл ішкі нарық сұранысын толық қанағаттандыруы тиіс. Қазір жеткізуші бекеттерге газ бірдей көлемде бөлініп беріледі. Сондай көлемде таратылады. Ешқандай жасырып-жабу жоқ. Бұдан әрі де бұл жұмыс кедергісіз болады деген үміттемін.

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...