ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!

21:32, 10 ақпан 2020

Оңай олжа орға жықты!!!. Ақтөбеде  "Голд" инвестициялық компаниясы жұмысын тоқтатты. Қаржылық пирамида құрған ресейлік екі азамат қамауға алынды. 
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жеңіл ақшаға кенелемін деп, сан соғып қалған тұрғындар бүгін компанияның кеңсесіне барып, салған қаражаттарын қайтаруды сұрап жүр. Гүлдана Абайқызы мәселенің мән-жайын анықтады. Бұл - күні кеше кісі қарасы арылмаған "Голд" компаниясының кеңсесі. Бүгін де мұнда келушілердің қатары аз емес. Алайда әп-сәтте пайдаға кенелмекші болғандар, енді  қаражаттарын қалай қайтарарын білмей дал. Айтуларынша, қаржы ұйымына ақша салу үшін млн-дап несие алған. Өздері ғана емес, туыстары мен таныстарын да жетелеп әкелген. "Голд" туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы лезде халық арасында танымалдылыққа ие болды. Желі жұлдыздары мен танымал блогерлер қомақты табысын жарыса көрсеткен-ді. Ал қаржылық ұйым ақшаңызды екі еселеп қайтарамыз деп сендірген. Оңай олжаға кенеліп үлгергендер де бар. Сондықтан олар компанияға қарсы арыз жазудан бас тартып отыр. Облыстық  полиция департаменті "Голд" компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кеңсеге тінту жасалып, құжаттар мен компьютерлік техника тәркіленген.  Ал қаржылық пирамиданы құрып-басқарды деген күдікпен Ресейдің екі азаматы қамауға алынды. 
ЕВГЕНИЙ ГОДЛЕВСКИЙ 
ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Компания басшылығына қатысты қылмыстық ісқозғалды. Ұйым жұмысынан қаржылық пирамида белгілері анықталды. Тергеу амалдары жүріп, жасалған келісім-шарттар саналып жатыр. Тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. 
Атышулы қаржылық ұйым мәселесі бүгін облыстық қоғамдық кеңестің отырысында да көтерілді. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин де осы іске қатысты өзінің алаңдаушылығын білдірді.  Алданған салымшылардың қаржысы қашан және қалай қайтарылатыны әзірге белгісіз.  Тұрғындардың осы мәселеге қатысты барлық сұрақтар бойынша полиция департаментіне немесе  729-052, 936-420 телефон нөмірлеріне хабарласуына болады.
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
17:19, 17 ақпан 2020
ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
21:32, 10 ақпан 2020
"GOLD" КОМПАНИЯСЫНА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ МА?!
Толығырақ...