ШҰҒЫЛ! Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады Толығырақ

Головкин & Альварес кездесуін өткізіп алмаңыздар

18:11, 12 қыркүйек 2017

Головкин - Альварес жекпе-жегі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде!

17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында көптен күткен жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT»  телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 06:00-де.  Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз  2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы атанды. «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп келген  Головкин кездесулерін телекөрермендер белсенді түрде қолдап келеді. Бұл жолы да жанкүйерлер Генаның жекпе-жегін асыға күтіп, отандасымызға қолдау көрсетеді деген ойдамыз!   Жексенбі күннің негізгі жекпе-жегі – Головкин & Альварес кездесуін өткізіп алмаңыздар! 17 қыркүйек, 06:00-де тікелей эфирде!

 

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
18:20, 22 қыркүйек 2017
Жәрмеңкеде 358 бос жұмыс орны ұсынылды
Толығырақ...
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
18:11, 22 қыркүйек 2017
Көпқабатты үйлерге бейнебақылау камералары орнатылып жатыр
Толығырақ...
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
13:00, 22 қыркүйек 2017
Зиратты сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Ақтөбе  -  құтты  мекен" форумына  әлемге танымал жерлестеріміз келеді
14:58, 19 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестер...
Толығырақ...
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
17:45, 18 қыркүйек 2017
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
Толығырақ...
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
14:05, 18 қыркүйек 2017
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
Толығырақ...