ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Гуманитарлық қор спорттық қондырғылар сыйлады

16:01, 13 ақпан 2018

Қарттарға құрмет.  Астаналық "Дегдар" қоры облыстық қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылық шарасын өткізіп, спорттық құрал-жабдықтар сыйлады.

69 жастағы Николай Вакуленко  жүрек қан тамыр ауруына шалдыққан. Бұл үйге қабылданған кезде  жүрек қағысы жиілеп, демалысы қиын болатын. Күнделікті спортпен шұғылданғалы бері  жүрек талмасының  азайғанын айтады.  Ескі тренажердан ол бүгін жаңасына ауысты.  

НИКОЛАЙ ВАКУЛЕНКО, ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

- Барлығына алғыс айтқым келеді, біз сияқты қарияларды ұмытпай осындай сый құрмет жасап жатқандарыңа. Жаңаның аты жаңа. Жаңа тренажерде бәрі көрсетіліп тұрады, қанша шақырымды жүріп өткенін. Маған ұнайды, күніне 1 сағттай шұғылданамын

"Дегдар" гуманитарлық қоры бүгін қарттар үйіне су жаңа екі спорттық қондырғыны әкеліп, құрып берді. Орталық басшылығы интернат үйінің  емдік-дене шынықтыру кабинетінде  мүгедектер мен қариялар спорттық-емдік жаттығуларын жасау үшін барынша жағдай жасауға тырысқанымен, кейбір қажет құралдар жетпейтін. 

"Дегдар" қоры өкілінің айтуынша, олар құны 700 мың болатын спорттық құрал-жадықтар әкеліпті. Қазір облыстық қарттар мен мүгедектер үйін 230 адам мекен етеді. Қайырымдылық шараларын жасағысы келетін ниеттілер бұл үйге жиі бас сұғады дейді орталық қызметкерлері.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар