ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ЛЮКСЕМБУРГТЕ ЖЕКЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

17:52, 2 сәуір 2019

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Наурыздың құрметіне Люксенбургте мерекелік концерт қойды. Бұған дейін Брюссельде халықаралық фестивальде өнер көрсеткен ұжым, Ұлы Герцогтікке арнайы шақырту алған. Шараны ұйымдастыруға ықпалдасқан облыс басшылығы мен осы елдегі елшілік және Қазақстанның Люксенбургтегі құрметті консулы ERG компаниясы. {СЮЖЕТ}

Люксембург - шағын болса да, әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Бұған дейін талай мәдени шараның куәсі болған елде қазақстандық ұлт аспаптар оркестрі алғаш рет сахнаға шығып тұр.

75-жылдық тарихы бар Ақтөбе облыстық филармониясы жанындағы  ұлт аспаптар оркестрі талғамы биік көрерменнің көңілінен шығу үшін тыңғылықты дайындалды.

ЕЛУБАЙ КЕНЖАЛИЕВ Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Біздің өнеріміз басқа ұлтқа ұқсамайды. Соның ішінде күй өнерінің өзі 4 мектепке бөлінеді. Әндері де сол секілді. Сол себептен де осы өнерімізбен мақтанамыз. Сол мақтану үшін шетелге біздер келіп, сахнаға өнерімізді көрсетіп отырмыз. Осы сапарға баруға ықпал еткен Ақтөбе облысының басшылығына және Бельгия мемлекетіндегі елшіге үлкен алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбелік қолөнер шеберлерінің көрмесінде зергерлік бұйымдар мен теріден әзірленген туындылар қойылды. Әлем сахналарына талай шығып жүрген оркестр Ұлы дала үнімен қатар, классикалық жауһарларды да ұлттық аспаптармен шебер орындап, көрерменнің таңдайын қақтырды.

ЖАННО ЭРПЕЛДИНГ ЛЮКСЕМБУРГ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

- Бүгін ғажайып концерттің куәсі болдым. Қазақстанға әлі барып көрмеп едім. Керемет музыка, әннің арқасында елдеріңіз жайлы көп мағлұмат алдым. Өнерпаздар бізге шығарманы жүрегімен сезініп, жеткізді. Шын жүректен алғыс білдіремін.

 «Аққу» би ансамблі «Қоштасу» шығармасымен шетелдіктерге қазақтың «қыз ұзату» салтын таныстырды. Ал, филармония өнерпаздары әнімен бабалар мұрасын, ғасырлар сарынын жеткізді.

Сырға толы музыка мен қазақы киімдердің көркі еуропалықтарды тәнті етті. Люксембургтың талғампаз көрермендері ақтөбелік өнер шеберлеріне ыстық ықыласын жеткізіп, игі шара жалғасын табады деген сенімін білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар