ШҰҒЫЛ! ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ Толығырақ

"ХАЛЫҚ БАНК" АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

18:40, 14 ақпан 2020

 

 Ақтөбенің белді кәсіпкерлері Қазақстан Халық банкін таңдайды. Бұл банк еліміздегі ең ірі қаржы институты, сенімді әрі тиімді ұйымдардың бірі. Қазір өңірдегі 17 мыңнан  астам шағын және орта бизнес өкілі Халық банктің тұрақты клиентіне айналған. Бүгін банк  өзінің тұтынушалары үшін ашық есік күнін ұйымдастырып, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаңа бағдарламаларды таныстырды. 
Халық банкі - еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі. Республика бойынша банктің 610 бөлімшесі жұмыс істейді.  4500  банкоматы  бар.  Қазақстанда шамамен 150 мың, ал Ақтөбеде 17 мың адам   банктің тұрақты клиентіне айналды. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсене араласып, 200-ден астам жаңа бастамаға қаржылай қолдау көрсетіп жүр.  
ВАДИМ КАБЛОВ
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ АОФ ДИРЕКТОРЫ
Өткен жылды қорытындыласақ,  біз инфрақұрылмыды жақсартуға көп көңіл бөлдік. Күрделі жөндеу жұмыстарын жасадық. Сапалы қызмет көрсету банктің басты ұтсанымдарының бірі.  Онлайн режиміндегі қызметтердің саны көбейді. Цифрландырудың үлесін арттырып келеміз. Қағазбастылықты азайтып, оңтайландыру шараларын өткізудеміз. Яғни, бизнеске қолдау көрсетіп, тез, шапшаң, ыңғайлы жұмыс істеуге күш саламыз. 
"Қазақстанның Халық банкі" мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын белсенді қаржы институттарының бірі. Баспана, шағын және орта бизнесті қолдау секілді барлық әлеуметтік-экономикалық қаржыландыру шараларынан тыс қалған емес.  
БЕРІК НҰРҒАЛИЕВ
"ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АОФ ДИРЕКТОРЫ
Республика бойынша "Бизнестің жол картасы" жүзеге асырылған уақыт ішінде 1118 жоба 140 миллиард теңгеге субсидияланды. Соның ішінде 30 пайыздан астамы Халық банктің еншісінде. Яғни, жалпы сомасы 27 миллиард теңгені құрайтын 300-ге жуық жоба қаржыландырылды. 
Ашық есік күні аясында Халықтық банк филиалы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған тиімді бағдарламарын танысытырды. Банк жыл сайын мақсатты несие бөледі. Мысалы, былтыр «Әйелдер кәсіпкерлігі» бағдарламасы арқылы 2 миллиард теңге қарастырылса, биыл «Жас Халық» атты жаңа бағыты қосылды. «Жас Халық» бойынша ісін енді бастаған адамдар жылдық үстемеақысы 5 пайыз болатын кепілсіз несие ала алады. 
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар