ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДА ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС ОРНАУЫ КЕРЕК

22:06, 7 қазан 2019

Бүгін арнайы жұмыс сапарымен Ақтөбеге Сенат төрағасы келді. Дариға Назарбаева алдымен мәслихат депуттарының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін талқылады. Содан кейін қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Қоғамдағы өзекті мәселелер кездесу тақырыбына арқау болды. Дариға Назарбаева депутаттар да, қоғамдық ұйымдар да халық пен билік арасын байланыстыратын көпір болуы керек деді. Араға 15 жыл салып Ақтөбеге келген Дариға Назарбаева батыс қақпасына айналған қаланың осы уақат аралығында көп өзгергенін, көркейіп кеткенін айтты. Жалпы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді.Дариға Назарбаева мәслихаттардың мәртебесін арттыру, рөлін одан әрі нығайту үшін үкіметке ұсынымстар әзірленгенін айтты. Және де депутаттарды "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" заңға енгізілген түзетулермен танысып шығуға шақырды.  Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова Сенат спикерін мәслихат құрамынан хабардар қылды. Аймақтағы 196 депутаттың 7-уі әйел дегенге елең ете қалған Дариға Назарбаева әйел қауымының үлесін арттыру қажет деді. Сонымен қатар, мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады.Халық қалаулыларының сөз еткен мәселесінің бірі - бюджетті жоспарлау болды. Олар қазына қаражатын тиімсіз жоспарлап, дұрыс пайдаға асырмайтын шенеуніктер қатаң жауапкершілікке тартылсын деген ұсыныс жасады. Өйткені, жыл сайын ысырапшылдыққа жол беретін басқармалар қателерін түземей отырғаны жасырын емес. Дариға Назарбаева өз кезегінде бюджет қаржысын есептеуге депуттар белсенді қатыссын деп түйіндеді.  Мәслихат депутаты Асқар Садықов көрші Ресей елімен арадағы Жайсаң шекара бекетінің мәселесін қозғады. Айтуынша, сағаттап тұратын ұзын сонар кезектің шешімі табылар сыңайы жоқ. Қазақстан жағынан ешқандай заң бұзарлық әрекет болмаса да, ресейлік шекарашылар елдеріне кіргізер емес. "Бұл келеңсіздікті дипломатиялық жолмен шешуіміз керек",- деді Дариға Назарбаева. Кездесуде жол сапасын бақылауға қатысты мәселе де айтылды. Депутаттардың айтуынша, өңірде кейбір техникалық бақылау мекемелері салғырттық танытып, жол құрылысының стандарттарына мән бермейді. Осыдан сапасыз жолдардың жыры бітпейтіні,-деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Тәттігүл Талаева. Аймақтағы өзекті мәселелерден хабардар болған Сенат төрағасы Сенаттың жанынан құрылған Кеңесте осы сұрақтар кеңінен талқыланып, тығыз қарым-қатынаста болатынына сенім білдірді.Халық қалаулыларымен кездесуден соң іле-шала Сенат төрағасы мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерін тыңдады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне назар аударды.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА /ҚР СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Ешқандай мемлекет, ешқандай заң сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоя алмайды. Жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастауы керек. Мұны қоғамның өзекті проблемасы, індет деуге болады. Диплом сатып алған дәрігер немесе мұғалім болшағымызға қандай қөауіп төндіретінін білесіздер. Сондықтан, сананы, мәдениетті қалыптастыру әркімнің өзінен басталуы керек.

"Қоғамдық кеңестің орны ерекше. Сондықтан халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтары қажет",-деді. Сонымен қатар, кеңесте жастардың үлесі көп болуы қажет екенін ескертті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мұң-мұқтажы да назардан тыс қалмады. Дариға Назарбаева өңірде олардың өздігінен жүріп-тұруларына жағдай жасап, мекеме, көпқабатты үйлерде пандус орнатып жатқан кәсіпкер, спорт шебері Шахан Жолдасбаевтың еңбегін жоғары бағалады. Өзгелерге үлгі етті. Қоғамдық кеңестің қазіргі таңдағы мәселесінен Кеңес төрағасы Бағлан Баймағамбетов хабардар етті.Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте 37 мүше бар. Алайда, олардың өз еркімен жұмыс жасауына жеке ғимараттың жоқтығы азаматтардың еркін келіп-кетуіне қолбайлау болып тұр.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...