ШҰҒЫЛ! COVID-19: 21 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

"ХАЛЫҚ ҮНІ" ЖОБАСЫ

20:00, 20 қараша 2020

Өңірлерде мүгедектер мәселесі түбегейлі шешілмей отыр. Ақтөбеге арнайы жұмыс сапарымен келген "Халық үні" жобасының авторы Айман Омарова осы санаттағы адамдардан түсетін сауалдардың көп екенін айтты. Мүгедектермен қоса көпбалалы аналардың да баспана алу, тұрақты жұмысқа орналасу секілді мәселелері мемлекеттік деңгейде назар аударуды қажет етеді. 

Кездесуге келген халыққа құқықтық, әлеуметтік салалар бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ, тақырыптық бейне-роликтер көрсетілді. Айман Омарова бұл жұмыстың қазірдің өзінде өз жемісін бере бастағанын айтады. Осы уақытқа дейін 3 миллиондай адам қамтылып, "Адал көмек" жобасы аясында 30 мың тұрғынның мәселесі назарға алынған. Жобаға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен «Алтын қыран» және "Human Rights Lawyers" қоғамдық қорлары қолдау білдірген. 

Ал, Ақтөбе әлеуметтік корпорациясы кеңсесінде басқарма төрағасы атқарылған жұмыстарды таныстырып, дамудың жаңа моделі жөнінде айтып берді. Мәселен, өңірдің трансформациясы аясында "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы базасында жобалық басқару жүйесі енгізілді.

Атамекен кәсіпкерлер палатасы ғимаратында "бизнеске арналған үкімет" жобасының жүйелі жұмысын көрді. Бизнес иелері үшін жасалған  тиісті жағдайлармен танысты. 

Бұдан кейін, "Aqtobe HUB" өңірлік даму орталығы корпоративтік қорының басқару жобасына негізделген мемлекеттік жоспарлау жүйесін таныстырды. Жобалық басқару аясында бірыңғай сандық басқару жүйесі енгізілген. Келер жылы өңірдегі жобалардың 80%-ы онлайн-ортада жүзеге асырылады. Бұл әзірге жоспар ғана.  Сондай-ақ, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы сандық шешімдерді енгізу жөніндегі басқарманың қызметі мен облыс аумағында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Бұдан соң мәртебелі меймандар өңірдегі бетке ұстар оқу ордасы Жұбанов университетіне бас сұқты. Мұнда да цифрлы университет жобасы табысты жүзеге асырылды. 

Өткен жылы оқу ордасы SmartARSU мобильді қосымшасын іске қосты.  . 60 мыңға жуық онлайн-қызмет көрсетілген. Ал Студенттерге қызмет көрсету орталығының "бір терезе" қағидасы бойынша 23 мың қызмет беріліпті. Оқу орнында сыбайлас жемқорлық қауіпін төмендету үшін қағаз құжат айналымы айтарлықтай қысқартылыпты. Жұмыс сапары соңында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев өңірде атқарылған істерді оң бағалап, халыққа қызмет көрсету жұмысын одан әрі жетілдіру жолын айтты. 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІН ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
20:00, 18 қаңтар 2021
ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІН ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ" ІРІКТЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
16:20, 12 қаңтар 2021
"НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ" ІРІКТЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...