ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ

17:28, 30 қазан 2020

 Мүмкіндігі шектеулі ақтөбелік халықаралық деңгейдегі спорт шебері атанды. Шахан Жолдасбаевтың бұл жетістігі өзгелерге айтарлықтай үлгі. Жүзудің қыр-сырын әбден меңгерген ол, тиісті нормативті осыдан екі жыл бұрын орындаған. Ол спортшы ғана емес, табысты кәсіпкер, ардақты әке. 
Шахан Жолдасбаев күн сайын кемінде үш сағат уақытын жүзуге арнайды. Қолы қалт етсе бос уақытын бассейінде өткізуге тырысады. Қоржынындағы 20 жүлде жеті жыл бойы үздіксіз жаттығуының нәтижесі.  Өткен жылы ғана Италияда өткен әлем кубогінде алтын медальды қанжығасына байлады. Қазір халықаралық деңгейдегі спорт шебері деген су жаңа куәліктің иесі.  
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ 
СПОРТШЫ
Тиісті нормативті 2018 жылы орындадым. Бірақ әр түрлі себеппен, құжаттарымды ұзақ уақыт дайындадық. Сондықтан спорт шеберінің куәлігіне жақында ғана қол жеткіздім. Бұл менің және бапкерімнің ұзақ жылғы еңбегімнің нәтижесі
Пандемияға байланысты биыл барлық спорттық жарыстар тоқтатылды. Бірақ Шахан жаттығудан қол үзген емес. Қатаң карантин уақытында да үйде отырып шынықты. Ал, суға жүзу орталығы ашылған соң жаттығуын қалыпқа келтірді.  
ШАХАН ЖОЛДАСБАЕВ 
СПОРТШЫ
 Жаттығу жасауға қыркүйек айында қосылдық. Пандемия кезінде бассейнге келіп жүзетін мүмкіндік болмады. Аздап босаңсып кеттік. Енді бәрін  қалыпқа келтіру үшін жаттығуды ширата түстім. . 
Алла Губина - Шаханның жеке бапкері. 5 жылдан бері спортшыны суда жаттықтырып, жоғары көрсеткішке жетеледі. Әр жетістігін мақтанышпен айтады. Лондонда өткен жарыста үздіктер қатарына енді. 
АЛЛА  ГУБИНА
БАПКЕР
Шаханды жаттықтырып жүргеніме 5 жыл болды. Осы уақыт ішінде біраз жетістікке қол жеткіздік деп айта аламын. Бастысы ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін орталықта барлық жағдай жасалған.   
Кейіпкеріміздің жетістігін тізбектеп айта беруге болады. Суда жүзу оның бір ғана өнері. Ақтөбеліктер оны танымал кәсіпкер ретінде біледі. Өзі секілді арбаға таңылған жандарға жағдай жасауды мақсат еткен. Ол өңірдегі бірнеше әлеуметтік нысанның алдына пандус, арбалы жандарды көтеретін лифт орнатты. Ол Қазақстанның "100 жаңа есім" жобасына енді. 

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...