ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

18:27, 30 қазан 2020

 Алға қаласында  соңғы үш жылда 20 көшеге жөндеу жүргізілді.  Тұрғын үйлердің құрылысы да қарқынды. Жаңа мөлтек аудандар абаттандырылып жатыр.  Бұл өз кезегінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды тартуға ықпал етті. Биыл сондай-ақ, бірден 5 ауылға газ тарту жоспарланып отыр. 
Ауданда тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ерекше мән берілген. Алдымен, халық игілігі үшін инфрақұрылымы дамыған, жайлы орта қалыптастыру міндеті қойылды. Бүгінде 30 елдімекеннің 17-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.  Бұл аудан халқының 92,5 пайызын құрайды. Қазірдің өзінде Нұрбұлақ және Жерұйық ауылдарын сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Қайыңдысай, Тоқмансай ауылдарына су тарту үшін жобалық - сметалық құжаттар  дайындауға жерасты суының қоры іздестірілуде.
Аудан орталығында соңғы үш жылда 20 көшеге жөндеу жүргізілді.  Оның тең жартысы биыл асфальтталды.   
Сонымен, Алғадағы 70 көшенің 35-іне тас жол  төселді. Биыл 9 көшені аббаттандыруға "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы 360 млн теңге бөлінген. Жобаларды жүзеге асырудың арқасында 50 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.  Ал  "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 63 млн теңге қаражатқа Есет батыр көшесі жөнделді.
Өмір сапасын жақсарту - жас мамандарды көптеп тартуға ықпалын тигізді. Осы жылы  "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда жұмыс істеуге 53 қыз-жігіт келген.  Оларға көтерме жәрдемақы мен баспана алуға пайызсыз несие берілді.  Жас мамандардың бірқатары аудандық ауруханада еңбек жолын бастапты. 
2 ай бұрын жас дәрігер жаңа баспананың кілтін алды. Жалпы, ауданда тұрғын үйдің құрылысы қарқынды . Қазір мұнда  "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында  көпқабатты үй салынып жатыр. 60 пәтерлі баспана алдағы көктемде пайдалануға беріледі. 
Аймақта ауыл шаруашылығы дамып келеді. Алдағы уақытта  Қарабұлақ ауылында құс фермасы ашылуы мүмкін. Ал Амангелді елдімекенінде үлкен аграрлық құрылым жұмыс істейді.  Шаруашылықтың 4000 гектардан астам егістік,  7 мың гектар жайылымдық жері бар.  Серіктестік иелігінде 1000-ға жуық ірі қара, 700 бас жылқы бар. 3 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылған. Негізінен асыл тұқымды  "әулиекөл" сиырын өсірумен айналысады. Шаруашылық 20-ға тарта ауыл азаматын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 
Ал бұл Бестамақ ауылындағы діни оқу орталығы. Медреседе заманауи оқу кабинеттері, мәжіліс залы, медбике бөлмесі  мен кітапхана   бар. 250 оқушыға шақталған білім ұйымында қазіргі таңда 160 адам діни сауатын ашуда. 
 Болашақта медресе ауласы ботаникалық баққа айналады. Аймақта экзотикалық өсімдіктер жайқалып өсетін болады дейді мамандар.

Николай Сырбов

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...