ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аяқталды

14:09, 14 қараша 2017

80 мыңнан астам ақтөбелік "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасына тартылды. Бұл туралы Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Ақтөбе облысында төртінші мәрте өткізілген жобаның нәтижелері қорытындыланды.

9 қазанда Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында басталған "Халықтың қаупісіздігін қамтамасыз ету" жобасы  4 қарашада аяқталды. Осы уақытта 80 мыңнан астам адамды қамтыған 2 мыңға жуық іс-шара өтті. 1800 тұрғынға мұқтаждықтарына қарай көмек түрлері көрсетілді. Жат ағымдар жетегінде жүргендермен 60 кездесу өткізіліп, нәтижесінде 21 адам дәстүрлі исламды қабылдады.

Аудандардың 700-ден астам тұрғынына кәсіпкерлік негіздері үйретілді. Ісін жаңадан бастағандарға 73 жобаны жүзеге асыру үшін 370 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаждарға ерекше көңіл бөлінді. 1688 тұрғынға 4,4 миллион теңгеге материалдық көмек берілді. 8 мыңнан астам адам дәрігерлік кеңеске жүгінді. 202 ақтөбелік жұмысқа тұрды. Ал 125 кәсіпорынның басшылығымен  кездесулер нәтижесінде 6,3 миллион теңге еңбекақы қарызы өтелді. Ақпараттық жұмыстар аясында интернеттен заңға қайшы 367 материал анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтарын қорғауға, террорлық әрекеттерден сақтандыруға бағытталған  520-ға жуық шара өтті.  

МАХАМБЕТ  АБИСАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

- Тестілуе нәтижелері тұрғындардың экстремистік, лаңкестік оқиғалар кезінде дұрыс әрекет ету бойынша білім деңгейі 80 пайызға көтерілгенін көрсетті. Осыған деінгі тестілеулер кезінде бұл деңгей 64 пайызды құраған еді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыс прокуроры Марат Қайбжанов белсенді жұмыс топтарын және олардың мүшелерін алғыс хатпен марапаттады. Өңір басшысы кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді жобаларды жетілдіру, мешіттердің жұмысын жақсартып, имамдардың біліктілігін көтеруге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре алады
19:11, 21 қараша 2017
Енді мопед пен велосипед мінгендер жол жиегінде еркін жүре а...
Толығырақ...
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
18:39, 21 қараша 2017
Өңірде ажырасқандар саны азаймай отыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...