ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ХҚО МЕКЕНЖАЙ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРМЕЙДІ

15:03, 8 қараша 2019

1-қарашадан бастап мекенжай туралы анықтама қажет емес. Әйтсе де халыққа қызмет көрсету орталыған барып, анықтама талап етіп жүргендер азаяр емес. Дені-білім беру ұйымдары мен Ресей мен шекаралас облыс тұрғындары,-дейді мамандар. Енді ешбір мемлекеттік орган немесе жеке жұмыс беруші азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Бұл заңсыз. Мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы ақпарат алуына болады. Ол ІІМ деректер базасымен енгізілген. Әйтсе де, тұрғындарды әуе-сарсаңға салып, артық құжат талап ететіндер жоқ емес. Заңның енгізілгеніне 8 күн болса да халыққа қызмет көрсету орталықтарына анықтама үшін келушілер бар. Ал заңның орындалуын мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандары қадағаламақ. Жыл сайын - құжат, жеңілдік, жәрдемақы басқа да қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 10 миллионнан аса мекенжай анықтамсын алған. Жұмыс, мектеп, балабақша, емхана, банктерге сұрататын. Енді механизм жеңілдеді. Мекенжай анықтамасы  беру тоқтатылды. Қазақстандықтар өздерінің тіркелген жерін егов.кз электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады. Ал меммлекеттік органдар қажетті мағлұматты автоматты түрде ІІМ базасынан ала алады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...