ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

Хромтауда қоғамдық монша ашылды

13:46, 7 желтоқсан 2017

Хромтау қаласында кәсіпкерлік нысандарының қатары артты. Соның бірі жуырда ғана ашылған қоғамдық монша. Оның құрылысына кәсіпкер отандық өнімдерді пайдаланған. Бұл ауданда шағын және орта бизнестің дамуының бір көрінісі десе де болады.

Аудан орталығында тұратын Амангелді Бейсенов қоғамдық моншаны өз қаражатына салды. Ол бұл мақсатқа 20 млн.теңге жұмсады. 5 адамды жұмыспен қамтыды. Заманауи үлгідегі ғимаратта жуынатын бөлмеден өзге, бассейн, дәмхана бар. Тұтынушылар үшін бар жағдай жасалған. Монша 31 адамға шақталған. Бағасы да қолжетімді дейді кәсіпкер. Ақысы - мың теңге, ал, зейнеткерлерге - 500 теңге.

Кәсіпкерлік нысанының ашылуымен аудан әкімі арнайы келіп, құттықтады. Ол бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан әрқашан қолдау бар деді.

Биыл Хромтау ауданында 28 жаңа нысан ашылды. Оған кәсіпкерлер 480 млн.теңге қаражат жұмсады. Бұдан бөлек, былтыр "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 20 жоба, осы жылы 25 жоба жүзеге асырылды. Бұл үшін, тұрғындар аталған бағдарлама арқылы 1 млрд.102 млн.теңге несие алған.

Бүгінде ауданда 2605 кәсіпкер бар. Басым бөлігі - шағын және орта бизнестерін ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...