ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

19:19, 13 қараша 2019

 

Жер телімдерін заңсыз бөлген Хромтау ауданының мемлекеттік қызметшілері бүгін өз істеріне жауап берді. Қызметтік мансабын асыра пайдаланған лауазымды тұлғалардың ісін Ақтөбе облыстық Әдеп жөніндегі кеңесі қарады. Істің мән-жайын баяндаған прокурор заңсыз әрекетке қатысы бар 4 шенеуніктің барлығына тиісті қатаң шара қолдануды сұрады. Ал, кеңес мүшелері істің басынан салғырттық танытқан екі басшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Хромтаулық шенділер жергілікті тұрғындарға емес, кәсіпкерлерге басымдық берді. Әдеп кеңесі ойын алаңына, саябақ пен демалыс орнына тиесілі жер телімін ірі өндіріс орны мен кәсіпкерге жалға берген мемлекеттік қызметшілердің ісін қарады. Заң талаптары бойынша комиссия құрылып, оң шешім шығарылғанымен, құжаттарда шикілік бар.

Жер телімін кәсіпкерлерге жалға берген комиссияның төрағасы қазір облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде жүрген Нұрсұлтан Исембайұлы болған. Алайда ол құжатқа мүлде қол қоймаған. Комиссия шешіміне өз келісімін берген үш мемлекеттік қызметші жерді 25 жыл пайдалануға рұқсат берді. Әрі осы олқылықты көріп отырған Хромтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Шабықбаев та құжатқа қол қойғаны белгілі болды. Әдеп кеңесінде шенеунік заңсыз әрекетіне түсінік  берді.

САҒЫНДЫҚ ШАБЫҚБАЕВ

ХРОМТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Комиссия шешімі бар, сондықтан төрағаның қолтаңбасы жетпейді деп айта алмадым. Барлығы жазылған, шығындарға дейін есептелген. Дайын құжат болғаннан соң өз қолымды қойдым. 

Ал, іске тікелей қатысы бар Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қойшыбай Рсалиев бұрынғы басшылығы үшін жауап бере алмайтынын айтты. ¤¤

Кеңес мүшелері комиссия төрағасы болған Нұрсұлтан Исембайұлының неліктен қол қоймағанын түсінбеді. Прокурорлар да нақты себебін анықтай алмады. Ал Нұрсұлтан Исембайұлы Әдеп кеңесіне шақырылғанымен белгісіз себептермен келмей қалды. Кеңес мүшелерінің шешімімен Хромтау қаласы басшысының міндетін атқарушы және ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің басшысы жауапкершілікке тарту жөнінде шешім шығарды.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...