ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

"IBIS HOTEL AKTOBE" ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20:41, 22 мамыр 2020

Ақтөбедегі қонақүй бизнесінде - басты жаңалық. Халықаралық  "Ибис" қоқақүйі қала тұрғындары мен қонақтарына өз есігін айқара ашты. Туризм саласындағы еуропалық қонақүй желісі аймақтың жаңа тынысы болады. Мұнда келушілерге бар жағдай жасалған. Сапалы қызмет, жайлылық пен қауіпсіздік! Бұл Ақтөбедегі жаңа халықаралық «Ибис» қонақүйі қызметкерлерінің міндеті. Бес қабатты ғимарат еуропалық стильде  безендірілген. 123 бөлменің 2-і люкс санатына сай. Жеке VIP нөмірлер де бар. Келушілерге үзілсіззсіз қызмет көрсетеді. Мәжіліс залы,  демалыс орны мен мейрамхана бар. Мұнда тұрақтаған әр қонаққа  ерекше ілтипат пен жоғары санатты қызмет көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да ғимарат ішінде арнайы. 
ДАНИЛ  ГОДЗИН
«ӨРЛЕУ» ДЕВЕЛОПЕР КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Компания мен бренд үшін басты құндығылы - қауіпсіздік пен жайылылық. Мәселен, өрт қауіпсіздігі жүйесі қазақстандық, халықаралық стандартқа сай жасалды. Аудит пен жобаны жасау шетелдік компанияға жүктелді. Мұндағы құрылысқа халықаралық брендке сай арнайы материалдар қолданылды. Өртке төзімді, шуды сақтайды. Сонымен бірге қонақүйде мүмкіндігі шектеулі адамдардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасалған, оларға арнайы бөлме қарастырылған. Бәрі халықаралық талапқа сай. 
Заманауи стнадарттарға сай жоғары деңгейлі еуропалық қызметті қазақстандық қонақжайлылықпен ұштастырған. Бұл  басты ереркшелік деді қонақүйдің бас директоры. 
ЭВРЕН  ЧАЛЫДЖЫОГЛУ
"IBIS  HOTEL  AKTOBE" БАС ДИРЕКТОРЫ  
Бұл менің Қазақстандағы алғашқы тәжірибем болды. Бірақ жаңа қонақүй туризм саласындаңы инновациялық шешім деп айтуға болады. Баға қолжетімді, қонақүй жайлы. Қазақ пен түріктің қонақжайлылығын қатар көруге болады. Ибиске қош келдіңіз!
Қызмет көрсету орны дыбыстық оқшаулаудың соңғы үлгісімен жабдықталған. Климаттық бақылау жүйесі де бар. Еуропалық ас мәзірі ұсынылады. Ал қонақүй қызметкерлері әлемдік стнадарттарға сай жасақталған технологиялық құралдармен жұмыс істейді. Оған қоса тегін ғаламтор жүйесі де іске қосылған. 
ДАНИЛ  ГОДЗИН
«ӨРЛЕУ» ДЕВЕЛОПЕР КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
 Бізде 50 орынға арналған шағын мәжіліс залы бар. Келушілерге тәулік бойы, үзіліссіз қызмет көрсетіледі. Қонақтарға арналған сейф, жүк бөлмесі бар. Кез келген халықаралық деңгейдегі қонақүй сервисі бізден табылады. Қызметкерлердің бәрі ақтөбелік. Олар 4 ай бойы біліктілігін жетілдірді. Мәскеу, Түркиядан арнайы мамандар келіп, оқытты.  
 3 жарым млрд теңгеге салынған ғимарат құрылысына 300-ден астам адам жұмылдырылған. Қазір 80 адам еңбек етіп жүр. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар