ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ІЛЕСПЕ АУДАРМАШЫЛАР СЕМИНАРЫ

17:55, 26 сәуір 2019

Тілдерді оқыту орталығы ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыруға арналған 5 күндік семинар өткізіп жатыр. Оны осы саладағы тәжірибелі маман қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе тәржімамен айналысатын профессор  Дина Есенжан өткізуде.

Ілеспе аударма- ауызша тәржіма түрінің ең күрделісі деп санайды мамандар . Олардың айтуынша, мұндай аударма -билингвизм, яғни екітілділіктен де  күрделі. Өйткені, аудармашы баяндамашының сөзін ілесе аударып отыруы  қажет. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге келгенде, мұндай мамандарды даярлау - өзекті мәселе. Синхронды  аудармашыларға деген сұраныс   еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап жоғары дейді мамандар. 

Тілдерді оқыту орталығы семинарға тыңғылықты дайындалған. Синхронды аударма жасауға арналған кәсіби құрылғылар орнатылды. Қатысушылар ілеспе аударманың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерді. 

Семинарға негізінен тіл мамандары қатысуда. Мемлекеттік мекемелерден аудармашылар келді. 

Семинар 5 күндік. Курстан өткендігі жөнінде сертификат беріледі. Бұл курс қатысушыларының ауқымды іс-шараларда ілеспе аударма жасай алатынының дәлелі. 
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
23:30, 21 ақпан 2020
АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...