ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУДІҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

11:00, 14 қыркүйек 2020

 Күз басталса ауру-сырқаудың көбейетіні белгілі. Бұл кезде сақтанып жүрмесе кез келген адам суық тигізіп алуы мүмкін. Дәрігерлер болса тұмау мен ковидті қатар жұқтырып алмас үшін иммунитетті нығайтуға кеңес береді. Оның өз әдіс-тәсілі бар. Дене жаттығуы да пайдалы. Ауырмаудың жолы қандай? 
Бетперде тағып, антисептик қолданып жүрсек тымаудан қашық боламыз деп ойларымыз анық. Бұл әрекеттер кейде іске аспай жатады. Дәрігерлер ең бірінші иммунитетті күшейтуді ұсынады. Иммунитет-бұл адам ағзасындағы сыртқы инфекциялардан, бактериялардан және микробтардан қорғану ретінде жұмыс істейтін жүйе. Ол бөгде вирустарды анықтауға, бейтараптандыруға және денеден шығаруға қабілетті. Алайда адам күйзеліске шалдығып, көп қимылдамаса көмек бере алмасы анық. Дәрігерлердің айтуынша, иммунитетті нығайту тәсілі - өте қарапайым. Салауатты өмір салтын ұстануы керек.
С витамині суда еритін дәрумендердің қатарына жатады. Ең бай көзі - жеміс-жидек пен көкөніс. Дәрігерлердің айтуынша, оны тұтыну терінің сапасына оң әсер етеді. Иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. 
Мамандар дұрыс тамақтанумен бірге таза ауада көбірек уақыт өткізу керектігін айтады. Үй ішін жиі желдету де маңызды. Бой сергітер жаттығулар жасаған да пайдалы. Соңғысына келетін болсақ,  кардио жаттығулары бәріне бірдей қолайлы емес, алдымен күш беретін дене қимылынан бастауы керек.


Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...