ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:56, 11 қыркүйек 2019

Үкімет басшысы Асқар Маминнің Ақтөбе өңіріне жасаған іс-сапары барысында, аймаққа инвестиция көздерін көптеп тарту қажеттігі жайлы тапсырмасына орай, бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі кәсіпорын басшылары, инвестициялық жоба бастамашыларымен кездесті. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов инвестициялық жобалар жайлы баяндады. Сегіз айда өңір инвестициясының өсімі 107,3 пайыз құрады, яғни 316,3 млрд.теңгеге инвестиция тартылған.

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ /ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Инвестицияның 170 млрд теңгесі жаңа іске қосылған жобалар. Көрсеткіш республика бойынша 42 пайызды құрайды. Облыста биыл 95 млрд.теңгеге жаңадан тоғыз инвестициялық жоба іске қосылып, 610 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Оңдасын Оразалин осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемін 600 млрд теңгеге, келесі жылы 800 млрдқа, 2024 жылға қарай 1 трлн 600 млрд-қа жеткізу бойынша жоспар қойған.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Өңірге отандық және шет аймақтан қандай инвесторлар келмек, қанша жұмыс көзі ашылу көзделіп отыр, экономикалық потенциалды арттыру облыс бюджетін жаңа салық көздерімен толықтыру мақсаты мен міндеті тұр. Бұл жоспарлар қағазға жай сурет етіп көрсетуге емес, шын мәнінде нақты жүзеге асырылуы тиіс жұмыстар

Осы жиында Оңдасын Оразалин кәсіпорындар өкілдерінің ой-пікірлерін де тыңдады. Ал олардың айтары бар болып шықты. Кейбірі жер көлемін кеңейту, су, жарық мәселелеріне қатысты проблемаларға тап болғандарын айтты. Сот орындаушылардың жұмысына қатысты арызданып жүргендері де бар. Облыс әкімі орынбасары Қайрат Бекеновке мән-жайды анықтап, мәселенің шешілуіне заң аясында ықпал жасауды тапсырды.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Біз енді айына екі мәрте инвестициялық жобалар бойынша жұмыстарды талқылаймыз. Бүгін міне, проблемалар анықталды, сіздер маған баяндадыңыздар. Жалпы, жергілікті билік шетелдік және отандық инвесторларға қолдау көрсететін болады. Бірақ кәсіпорындар жұмысшылардың жалақысын көтеруді, экологиялық талаптарды сақтап жұмыс жасау керектігін ұмытпаулары керек.

Айтып өтейік, облыста жыл соңына дейін құны 72 млрд теңгені құрайтын «Arm Wind» , «Зерде-Керамика Актобе» , «Aktobe Smart Tech», «Gigant KZ» кәсіпорындары ашылады және тағы 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...