ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ИНВЕСТОР ТАРТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:50, 1 қараша 2019

Өңірде инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кеңесте жаңа мүмкіндіктер мен қолданыстағы ірі жобалардың жай-күйі талқыланды. Елордадан арнайы мамандар келіп, қаржы нарығының озық нұсқаларын таныстырды.   Ел инвестициясының 20 пайызы Ақтөбе облысының еншісінде. Жыл соңына дейін аймақ экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тарту жоспарда бар. 25 жаңа жоба қолға алынбақ. Осы жылы іске қосылатын ірі жобалардың бірі - Қарғалы ауданындағы қуаты - 50 мега ваттық жел электр станциясы. Оған -100 млн доллар инвестиция салынды. Кеңесте итальяндық инвестор бұл жобаны кеңейтуге ниет білдірді.  
ДЖОВАННИ БЕККЕРУЧЧИ
"ENI" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ 
 Жел электр станциясы Ақтөбе облысында жалғыз ғана. Сондықтан бұл аймақ үшін де, біз үшін де маңызды жоба. Қазір біз барлық рұқсат қағаздарын алдық. Жол, алаңдар саламыз. Бұдан бөлек біз Бадамша-2 жобасын да қолға алып отырмыз. Бірақ оның инвестиция көлемі 90 млн долларды құрайды. Бірінші жобадан сәл аздау. 
 
Бұл жобаның әлеуеті кең. Дегенмен, бірқатар құжат жағынан мәселелер бар. Жауапты компания  Ақтөбе облысына тіркелу қажет,- дейді кеңес мүшелері.  
"GREEN CAPITAL KAZAKHSTAN" жобасының 2-ші кезеңі жүзеге асырылмақ. Енді Пригородный елді-мекеніндегі жылыжай кешенінің өнім беру көлемі артады. 
 ЕРЛАН ЖАНАБЕРГЕНОВ
"GREEN CAPITAL KAZAKHSTAN" ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ 
 Жобамыздың екінші кезеңі 2019-2020 жылдары жүзеге асырылады. Онда жылыжай кешені 5 гектарды құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған. Барлығы 3 кезең. 2021 жылға қарай 21 мың тонна көкөніс алу көзделіп отыр.  
 

Астана халықаралық қаржы орталығы инвестор тартудың электронды мүмкіндіктерін үйретуге дайын. Ол үшін жергілікті билік өкілдері мамандарын тәжірибе жинауға жіберсе, бірлесе атқарар іс көп,-дейді елордалық мамандар. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...