ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ БАР

18:14, 10 қазан 2018

Ақтөбеде биыл 15 кәсіпкер заңсыз әкімшілік қысым көрген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі мәлімдеді. Олардың ішінде шетелдік үлкен компаниялар да бар. Мәселен, жылыжай кешенін салып жатқан «Green capital Kazakhstan» компаниясы әкімшілік  кедергілерге тап болған.

Дегенмен инвесторларға ауқымды жобаны бастау оңайға соқпаған. Әсіресе мемлекеттік сараптамадан өтіп, лицензия алуда кедергілерге тап болған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымданған соң ғана жұмысты жалғастырған.

Өңірде әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлер саны азаймай отыр. Көп жағдайда компаниялар шет елден білікті мамандар тарту кезінде виза рәсімдей алмай қиналады.

Елбасы жолдауында «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керектігін» тапсырғаны белгілі. Қазір Ақтөбеде инвесторларды қолдау жобасы іске асып жатыр. Бүгінге дейін 20 шет елдік бизнес өкілімен жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен келісімдерге қол қойылды. Ал шет елдік компаниялар Қазақстан республикасының заңдарын құрметтеп, қатаң сақтауға міндетті.

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...