ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Ипотеканың игілігі

17:38, 7 наурыз 2018

Ақтөбе облысында 32 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 22 мыңы биыл қоныс тойын тойлайды. Елбасының «әрбір отбасыға қолжетімді баспана» деген бастамасы үйден үміті бар ақтөбеліктер үшін жағымды жаңалық болды.

"Өз үйім - өлең-төсегім". Пәтерден пәтерге көшіп жүрген әр адамның арманы бұл. Әйгерім Батқанбаева бірнеше жылдан бері баспана кезегінде. Банктен есепшот ашты. Қаржы жинады. Ипотекалық несиеден үміттенді. Ал, жаңа бағдарлама туралы естігенде қуанышым еселене түсті- дейді ол.

ӘЙГЕРІМ БАТҚАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- Мен үш жылдан бері баспана алу үшін бармаған жерім жоқ. Құжаттарымды реттедім. Бірнеше банкке бардым. Маған ипотека арқылы үй алу үшін 14 пайызбен несие береміз дейді. Бірақ кеше Президент айтқан «7-20-25»деген бағдарламаны естіп, қатты қуанып қалдым. Бұл енді маған жаңа мүмкіндік. 

Банктердің түрі көп. Ипотекалық бағдарламалар да сан алуан. Әйтседе, көпшілік «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің қызметін пайдаланады. Бүгінде 33 мың ақтөбелік осы банктің салымшысы. шарттар қолайлы көрінеді. Қажет соманың жартысын жинасаңыз, жартысын банк қарызға береді.

БАЛЖАН БИКЕБАЕВА, "ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Банк екі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында және ипотекалық несие беру негізінде. Әлбетте, есеп шот ашқан азаматтардың барлығы үй алғысы келеді. Бұл тұрғыда Елбасы ұсынған жаңа бағдарлама өте тиімді болады.

Ал, енді «7-20-25» бағдарламасы бойынша жаңа мүмкіндік бар. Бастапқы 20 пайыздық жарнасын төлей отырып, 7 пайыздық жылдық үстемемен 25 жылға несие алуға болады. Осылайша Елбасы бастамасы баспанаға зәру болған көптің тілегімен үндесті.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...